00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Mudarabah Capital»: Күдікке ілінген блогерлерден 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй тәркіленді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Mudarabah Capital»: Күдікке ілінген блогерлерден 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй тәркіленді
ашық дереккөз

Күдіктілердің ішінде танымал вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзізжан Саидбаев бар.

Қазір жоғарыда аталған тұлғалардың және туыстарының мүлкі, атап айтсақ, 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй мен 2 автокөлік тәркіленіп алынған.

3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі, біреуіне «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр. Ол сырттай тұтқынға алынып, халықаралық іздеу жарияланды, – деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.