Биыл 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23%-ды және зейнеткерлер 13,9%-ды құрады.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:27
Қорғаныс министрлігі: Әскер қатарына мәжбүрлеп алып кету заңға қайшы емес
14 қараша, 2024
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге қандай көмек көрсетіледі
14 қараша, 2024
Майқайыңдағы апат: Көз жұмған құтқарушының туыстары 120 млн емес, 30 млн теңге ғана алатын болды
14 қараша, 2024
Жыл басынан бері қазақстандықтарға үш трлн теңгеден астам зейнетақы төленді