Қазақстанда кәмелетке толмай некелескен қыздар ұлдарға қарағанда 15 есе көп
Ер азаматтар арасында:
- бұған дейін некеде болмағандар – 113,2 мың;
- ажырасқандар – 25,5 мың;
- әйелі қайтыс болғандар – 1,7 мың.
Әйелдер арасында:
- бұған дейін некеде болмағандар – 115,6;
- ажырасқандар – 22,4;
- жесір қалғандар – 1,9.
Өңірлер бойынша лидерлер:
- Алматы – 18,8 мың, 18,8% көп;
- Алматы облысы – 14 мың, 7,9% көп;
- Түркістан облысы – 13,9 мың, 3,2% көп.
Бәрінен аз неке Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 3,5 мың ғана. Алайда бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 19,9% көп.
Некелескен 140,3 мың жұптың ішінде 117,9 мың ерлі-зайыптының ұлты бір. Ал 22,4 мың жұптың ұлты әртүрлі.
Елде көбінесе қазақ, өзбек, украин, ұйғыр және орыс ұлттары отбасын құрған. Қазақ, өзбек және орыстар көбінесе өз ұлтының өкілімен некелескен. Ал 319 украин өз ұлтының өкілімен некелессе, қалған 2 мың украин басқа ұлт өкілімен отбасын құрды.
2021 жылы шілде айында 14,1 жұп некелесті. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,1% көп. Сондай-ақ, тамыз және наурыз айлары танымал айлардың қатарында болып шықты. Ал керісінше қаңтар, ақпан және мамыр айларында отбасын құрғандар аз.
2021 жылы шаңырақ көтерген ер азаматтардың орташа жасы – 27,9, (алдыңғы жылы 27,5). Әйелдердікі – 25,2, (24,8 болған еді).
Кәмелеттік жасқа толмаған 57 ұл бала (алдыңғы жылы 72 болған еді) және 862 қыз бала (алдыңғы жылы 919) отбасын құрды.
Кәмелеттік жасқа толған 29 жасқа дейінгі отбасын құрған ер азаматтар саны 2,2%, 88,6 мыңға дейін өсті. Ал әйелдер саны 3,3%, 102,3 мыңға дейін өсті.
30 бен 54 жас аралығындағы отбасын құрған ер азаматтар саны әйелдерге қарағанда 36,9% көп: ер адамдар – 47,8 мың, әйелдер – 34,9 мың.
55 жастан асқан азаматтар ішінде 3,8 мың ер адам және 2,2 мың әйел адам некелесті.