Қарағанды фармацевтикалық зауыты енді «Спутник V» вакцинасын өндірмейді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 миллион дозасы бар екенін айтты. Оның 1,8 миллионы қытайлық Sinopharm, 1,5 миллион дозасы Pfizer және 800 мыңы QazVac вакцинасы екен.
Бұл вакциналау және қайта вакциналау үшін жеткілікті. Сондықтан қосымша вакцина сатып алынбайды. Біз вакциналардың қолданылуына қараймыз. «Спутник V» вакцинасын алуды жоспарлап отырған жоқ. Қазір Қарағанды фармзауыты вакцина өндіруге дейін шығарған дәрілерді дайындайды. Вакциналар Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілмейді, – деді ол.
Айжан Есмағамбетова вакцинаның қазіргі қоры қазан айына жететінін айтып өтті. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды тегін вакциналау үшін шетелдік вакцинаны сатып алмайды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады