00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мұғалім боласың ба?»: Қызылордалық әйел 850 мың теңгесінен айырылып қалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мұғалім боласың ба?»: Қызылордалық әйел 850 мың теңгесінен айырылып қалды
ашық дереккөз

Осылайша, алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған. Әйел тәртіп сақшыларына өткен жылдың тамыз айында ер адам «мұғалім қызметіне тұрғызып беремін» деп уәде беріп, 850 мың теңге алғанын жеткізген. Алайда көп ұзамай әлгі қу телефон қоңырауларына жауап бермей, сөз берген қызметіне кіргізбеген. Осыдан кейін әйел полицияға арыздануға мәжбүр болған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғынының ұсталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.

Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.