00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерекше балалардың ата-аналарына арналған мотивациялық шара өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ерекше балалардың ата-аналарына арналған мотивациялық шара өтті
ашық дереккөз

Іс-шара AMANAT партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек – Будущее без барьеров» партиялық жобаның шегінде өтті.

Кездесуде ата-аналар ерекше баланы тәрбиелеу тәжірибелері туралы әңгімелеп берді, аутизм бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарымен бөлісті, балалары оларға қандай табыстар мен жетістіктерге жетуге шабыт бергендерін айтып береді. Іс-шараға тәжірибелі ата-аналар да, жақында ғана диагнозға тап болған ата-аналар да қатысты.  

Кездесуде аутизм бар балалардың ата-аналары – баланың ауыр диагнозын естігенде мойымай, одан әрі дами бастаған, оқу орталықтарын, әлеуметтік кәсіпорындарды ашып, заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, білімдерін жетілдірген, ата-аналар қауымдастығын құрып, басқа ата-аналарға көмектескен ерік-жігері мықты адамдар сөз сөйледі. Кездесуде сөз сөйлегендер: кәсіпкер, «Особенное счастье» кітабының авторы Әлия Әбдібаитова, белгілі балалар психиатры Татьяна Дегтярь, ерекше баланың әкесі Жалғас Әшірбеков, аутизм бар балалар ата-аналарының «ОРДА» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы және жетекшісі Салтанат Есмағанбетова, сертификатталған мінез-құлық талдаушысы және CBA-S супервизоры, аутизм бар балаларға арналған «Алуа» орталығының негізін қалаушы, «Болашақ» қорының кураторы Жанара Қалиева. Кездесуге «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, сертификатталған коуч, «Superkyz» кітабының авторы Динара Гаплан (Чайжунусова) модераторлық етті.

Аутизм бар жасөспірімді тәрбиелеп отырып, өз-өзіңді қалай дамытуға болады? Ерекше балаларға арналған әлеуметтік жобаны қалай бастауға болады? Ерекше балалы ата-аналар қоғамдық бірлестігін қалай құруға болады? Іс-шараға келген 70-тен астам ата-ана баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдап, осы және өзге де сұрақтарға жауап алды. Шараға қатыса алмағандар үшін әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырылды.

Ерекше балалардың ата-аналарына арналған мұндай мотивациялық шараны бірінші рет өткізіп отырмыз. Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жобамызға міне 7 жылдан артық болды, және осы айтулы күні біз ата-аналар үшін ерекше бір нәрсе өткізуді ұйғардық, өйткені 2014 жылы бұл бағытты бастауға бізді ата-аналар ынталандырды. Расында, көп нәрсе, соның ішінде инклюзивті білім беру жүйесінде ата-анаға байланысты. Бүгін осында баласының әлеуметтенуіне, барынша көп мүмкіндіктерді пайдалана алатындай, оның қоғамда өз орнын табуы үшін мүмкіндігінше жағдай жасауға қауқары бар, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын белсенді ата-аналар жиналды. Өз отбасы әлемімен, тек қана ерекше баласының қажеттіліктерімен шектеліп қалмай, алға тағы бір адым басып, білім алып, дамып, басқа ата-аналарға және олардың ерекше балаларына көмектесіп, әлеуметтік жобаларды іске қосып, қоғамдастық құрып, ерекше балаларға білім беру мәселелерінде сарапшы болған ата-аналар келіп отыр. Осы ата-аналар диагнозға жақында ғана тап болған ата-аналар үшін үлгі болсын, дейміз, - деп атап өтті  «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан (Чайжунусова).

Айта кетейік, «Болашақ» қорының «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасы Қазақстанның мектептері мен балабақшаларына аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған. 2015 жылдан бастап Қазақстанның 17 өңірінде 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар 600-ден астам бала мектепке күнде баруға мүмкіндік алды. Жоба еліміздің 60-тан астам мектебін қамтиды. 3500-нан астам маман инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті, 400-ден астам жұмыс орны құрылды.