Елордада «Сергек» камералары жаяу жүргіншілердің де ереже бұзғанын тіркейтін болды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Нұр-Сұлтандағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде «бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту» ересін бұзғандарды анықтау бойынша «Сергек» камераларының қосымша функциясы әзірленіп, енгізілді. Бұл жаңашылдық «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді, - делінген ақпаратта.
Полиция өкілдері 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Оның салдарынан 95 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Полиция департаменті өкілдері жол қозғалысының барлық қатысушысына бір-біріне өзара құрмет көрсетуді, ал жүргізушілерге абай болуды және жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетуді сұрады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады