Ғалымдар диета адам өмірін 10 жылға ұзартатынын айтты
Зерттеу қорытындысы PLOS Medicine журналында жарияланған.
Мамандар бірнеше мың жас әйел мен ер адамның қатысуымен зерттеу жүргізген. Нәтижесінде майлы, тұзды тағамдардан, қызыл еттен, жартылай фабрикаттар мен тәттілерден бас тарту - адам денсаулығын айтарлықтай жақсартатынын анықталған. Бұл үшін мейлінше дұрыс тамақтануға көшіп, бұршақ, балғын жеміс-жидек пен көкөністі, жаңғақтар мен тұтас дәнді өнімдерді тұтыну қажет. Осылайша, зерттеушілер тамақтану рационындағы мұндай өзгерістер өмір сүру ұзақтығын шамамен 10 жылға ұзартуы мүмкін деген қорытындыға келген.
Әртүрлі тағамдардың қаншалықты пайдалы екенін түсіну адамдарға денсаулығының айтарлықтай жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі, - дейді ғалым Ларс Фаянсе.