Елордалық асаба той қонағын зорламақ болған (ВИДЕО)
Арызданушының айтуынша, әпкесінің тойын жүргізген асаба сол кеште үйіне шығарып салуға бір емес бірнеше рет ұсыныс білдірген. Қанша бас тартса да, той соңында асаба амалын тауып қызды көндірген. Еш күдіксіз көлікке мінген. Бірақ орта жолда көлік ішінде шешіндірді дейді.
Маған курткаңды шеш деп тиісе бастады. Сосын мен қарсылық білдіріп, курткамды шешпейтінімді айттым. Бірақ ол оған қарамастан, күш көрсетіп, курткамның түймелерін өзі шеше бастады. Айғайлап, олай істемеуін сұрадым. Бірақ ол оған қараған жоқ. Әрі қарай жалғастыра берді. Ол кешірім сұрап жазғаны туралы перепискалар болған. Менің жұмысыма әйелі келген болатын. Менің кешірімімді және арызымды қайтарып алуымды сұрады, - дейді бойжеткен.
Оқиға салдарынан ес жия алмай, 2 күн өткен соң полицияға арызданыпты. Ондағылар сараптама жасап, қылмыс белгілерін таппаған. Зорлық жасауға оқталды деген қорытындыға келгенін хабарлаған.
Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Олар аталмыш қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргенін айтты. Бірақ іс қазіргі таңда жабылған деді.
Бұл факт бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешім прокурормен келісілді, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.