00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жалға алынған пәтер құнының 50%-ын мемлекет өтейтін болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жалға алынған пәтер құнының 50%-ын мемлекет өтейтін болды
ашық дереккөз

Министрлік тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірледі. Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының «50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді» қағидатына негізделеді.

Мұндай төлемдер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген көлемінен аспауы керек.

Бүгінгі таңда елімізде мұндай 70 мың жан бар. Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде «Отбасы банкін» анықтау ұсынылды.

Өтініш берушілер үшін мынандай негізгі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

2) отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;

3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;

4) тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.