00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды»: Батырдың келіні бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды»: Батырдың келіні бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Бұл туралы ол «Жетісу» телеарнасының «Зейнеп апаның әңгімелері» бағдарламасында айтты. 

Атам қайтыс болғанда Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдық мерейтойын тойлап жатқан. “Қосылсаңдар, өздерің қосылыңдар, мен кеттім” дегендей атам сол күні қайтты. Той тойланды. Ертесі РСФСР әдебиеті мен мәдениеті күндері басталды. Бүкіл танымал орыстың бәрі келді. Солай той тойлап жатқанда атамды жерлей алмады. Құдай басқа салмасын. Қазір ойласам, әлі күнге жүрегім ауырады. Ол кезде Кеңес Одағының кезі. Біз араласа алмаймыз. Қазір болса, аулақ жүріңдер дейтін едік қой. Солай төртінші күні дегенде атамды жерледі. Бірінші Кеңсай деп аталатын жерде жоғары жағына, көкмайса гүлденген оңаша төбеге атам жалғыз қойылды, – деп еске алды Зейнеп Ахметова.