Қазақстан әлемдегі ең бақытты бес елдің қатарына енді
Бақыт индексі – бұл бақытты және бақытсыз адамдар арасындағы айырмашылық. Gallup International сауалнамасына дүниежүзіндегі 44 мемлекет пен 41 560 адам қатысты.
Сауалнамада бақыт индексінің максималды мәні Колумбияда (+79 пайыз), Қазақстанда (+76), Албанияда (+74), Малайзияда (+73) және Әзірбайжанда (+70) тіркелген.
Бақыт индексінің ең төменгі мәндері Ауғанстанда (+9), Гонконгта (+11), Иракта (+17), Ресейде (+18) тіркелді.
Зерттеу авторларының айтуынша, дәстүрлі түрде Латын Америкасы, Африка және Шығыс Азия елдері тұрғындардың пікірінше ең бақытты аумақ болып саналады. Ал Еуропа, Таяу Шығыс және Ресей әрқашан төменгі топта. Жетекші елдер, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Германия орташа әлемдік деңгейден сәл төмен нәтиже көрсетті.
Бақыт деңгейі табыс деңгейіне тікелей байланысты емес.