00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар жедел жәрдем қызметіне жылына 8 миллион рет жүгінеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар жедел жәрдем қызметіне жылына 8 миллион рет жүгінеді
ашық дереккөз

Спикердің сөзінше, бүгінгі таңда республикада жедел медициналық көмек қызметі 18 дербес станция, 130 қалалық қосалқы станция және 284 аудандық бөлімшелерден тұрады.

Облыстық және қалалық ЖМК станцияларында бір ауысымда 1486 көшпелі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның ішінде 290 – мамандандырылған (дәрігерлік), 1196 – фельдшерлік. Қалалық бөлімшелерде 911 бригада, аудандық бөлімшелерде 576 бригада жұмыс істейді.

Жыл сайын ҚР Жедел медициналық жәрдем қызметі біздің елімізде жүрген қазақстандықтарға да, шетел азаматтарына да шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

«Жедел медициналық көмек жұмысының интегралдық көрсеткіші шақыруға дер кезінде келу. Ағымдағы жылдың 11 айында кешігіп орындалған шақырулардың үлесі 4,3% -ды құрады», – деді Ғұмырбек Ағыбаев.

Жедел жәрдем станциялары бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталған, республика бойынша жарақтандырылуы – 97%. Бүгінгі күні ЖМК балансында 2 287 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның ішінде 1 410 бірлік қалада және 877 бірлік ауылда.

«Биыл 336 санитарлық көлік сатып алынды. Барлық жедел жәрдем көліктерінің GPS-навигациясымен жабдықталған. 2021 жылдың 11 айында республика бойынша жедел медициналық көмекке шақырулар саны 7 603 040 болды. 1 қаңтар - 1 желтоқсан аралығында коронавирус инфекция бойынша 354 400 шақыруға қызмет көрсетілді, оның ішінде 259 692 адам ауруханаға жатқызылды», – дейді спикер.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жұмысының тағы бір бағыты 2017 жылдан бері оқу-тренинг өткізеді. Онда медициналық авиация, жедел және шұғыл медициналық көмектің қызметкерлері оқытылады.