00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірде-бір ел әйелдерді зорлық-зомбылықтан толық қорғай алмай отыр – депутат

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірде-бір ел әйелдерді зорлық-зомбылықтан толық қорғай алмай отыр – депутат
ашық дереккөз

Конференция барысында Ұлттық комиссия төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова адам құқықтарына қатысты ұлттық және халықаралық стандарттардың сақталуы еліміздегі басты басымдықтар екенін атап өтті.

"Зорлық-зомбылықты түбегейлі жою – өте өзекті тақырып. Өкінішке қарай, әйелдер мен балаларға қатысты көрсетілген зорлық-зомбылық фактілері туралы жиі естиміз. Сондықтан да зорлық-зомбылықты түбегейлі жою  бойынша жүйелі қадамдар қабылдануы аса маңызды. Отбасыны қорғау мен қолдауда біртұтас жүйе қалыптастырудың қажеттілігі туралы, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою  бірінші кезекте екенін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым атап өтуде. Парламент Мәжілісінің депутаттары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау көрсету шаралары көзделген отбасы институтын нығайту туралы заң жобасын әзірлеген болатын", – деді депутат. 

Айта кетейік, зорлық-зомбылыққа қарсы бірінші халықаралық кампания 1991 жылы, яғни осыдан 30 жыл бұрын өткізілген.

"Содан бері бұл халықаралық кампания жыл сайын өткізілуде. Халықаралық кампанияның осы уақытқа дейін өткізілуінің өзі  – әлем бойынша зорлық-зомбылық өзекті мәселе екендігін және бұл мәселе түбегейлі шешілмей отырғандығын көрсетіп отыр. Өкініштісі, әлемде бірде-бір ел  әйелдерді зорлық-зомбылықтан  толық қорғай алмай отыр. Біздің мақсатымыз – заңнамалық тұрғыдан жағдай жасау, мемлекеттік органдардың ведомствааралық жұмысын үйлестіру", – дейді Ләззат Рамазанова. 

25 қарашадан бастап Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні барлық елде басталады. Бұл халықаралық кампания 16 күн бойы өтікізіледі. Оның аясында әлем елдерінде зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты ағартушылық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.