00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сержант, лейтенанттардың айлығы екі жылдан кейін бір-ақ көтеріледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сержант, лейтенанттардың айлығы екі жылдан кейін бір-ақ көтеріледі
ашық дереккөз

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап полицейлер жалақысы кезең-кезеңімен артып келеді екен.

«Енді 2023 жылға қарай сержанттың айлығы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, ал лейтенанттың жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі», - дейді ол.

Министрдің мәліметінше, полиция қызметкерлері әскери қызметкерлер сияқты тұрғын үйді жалдау үшін де өтемақы алып отырады. Қазір ондай жеңілдікті қызметкерлердің 72 пайызы пайдалана алады.