00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халық санағына қатыспағандарға айыппұл салына ма?

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халық санағына қатыспағандарға айыппұл салына ма?
ашық дереккөз

Бюроның мәліметінше, халық санағына қатысудан бас тартқан азаматтарды жауапкершілікке тарту – әлемдік тәжірибе.

“Қазақстанда бұл норма Қазақстанның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 497-бабында жазылған. Бұл статистика органдары тарапынан қандай да бір қысым көрсетілетінін білдірмейді. Себебі, респонденттерді жауапқа тарту емес, жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы барлық азаматтарды сауалнамамен қамту мақсаты қойылып отыр. Сонымен бірге сұхбат алушылардың алдында респондентке халық санағының маңыздылығы туралы түсіндіру міндеті тұрды”, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда халық санағы үшінші рет өтіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұрынғы халық санақтарының қорытындысы бойынша ешбір респондент жауапкершілікке тартылмаған.

1 қарашада бақылау мақсатында аралау басталды, ол 8 қарашаға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталды. Оған қазақстандықтар онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысты.