00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі
ашық дереккөз

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайды ескере отырып, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін заңнамалық реттеудің маңыздылығын атап өткен болатын. Сондықтан қазір аталған заң жобасы Мәжіліс депутаттарының қарауында жатыр.

Заң жобасының мақсаты – халықтың денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігінің қорғалу деңгейін арттыру, биологиялық қатерлерге уақтылы ден қою. Деректерді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру тәуекелдерді бағалау және мемлекеттік бақылау субъектілерін іріктеу жүйесін қоса алғанда, биоқауіпсіздік саласындағы есептік және есепке алу ақпаратын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Құжаттың негізгі әзірлеушісі – Денсаулық сақтау министрлігі. Онда төмендегі мәселелердің шешімі көрсетілген:

- Қоғамдық денсаулық сақтау, экология, ветеринария, фитосанитария саласындағы және шектес салалардағы заңнаманы шоғырландыру және біріздендіру;

- Биологиялық агенттермен жұмыс істеу саласындағы бақылау және рұқсат беру рәсімдері бойынша қолданыстағы нормаларды жүйелеу және жаңарту;

- Мемлекеттік реттеу шараларын енгізу, өкілеттіктерді бөлу және мемлекеттік пен жеке ұйымдардың өзара іс-қимылы;

- Биологиялық қауіп-қатерлерді есепке алу және есептілік, мониторинг және бағалау тетіктерін жетілдіру;

- 1-2 патогенді топтардың биологиялық агенттерімен (ПТР-тест) жұмыс істейтін зертханаларға қойылатын талаптарды күшейту.

Сонымен, «ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы 10 Заңға және 3 кодекске өзгерістер енгізуді қарастырады. Әрбір бейінді мемлекеттік органда және әлеуетті қауіпті биологиялық объектілерде биологиялық қатерлерді басқару жүйесін енгізу инфекциялық аурулардың қауіпті қоздырғыштарымен қызметті толыққанды есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.