00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда жастар «эйфория эффектісі» үшін қолданатын заттарға тыйым салынуы мүмкін

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда жастар «эйфория эффектісі» үшін қолданатын заттарға тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөз

«Жақында ғана синтетикалық есірткінің тағы 11, прекурсордың 17 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген Үкімет қаулысы күшіне енеді. Сондай-ақ пиралерон, мефедрон және синтетикалық каннабиноидтың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Бұрын қылмыстық іс қозғау үшін тәркіленген есірткі заттың мөлшері 50 грамм болуы керек болса, енді бір грамнан басталатын болды», — деді басқарма бастығы.

Берікхан Нұрғалиев сонымен бірге қыркүйек айының соңында вице-премьердің қатысуымен өткен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы жиында қандай шешім қабылданғанын айтты. Оның сөзінше, биылғы маусымда Үкімет адам өмірі мен денсаулығына зияны күшті заттардың тізімін бекіткен.  Оның қатарына қазақстандық жастар мен жасөспірімдер «эйфория эффектісі» үшін қолдануы мүмкін бірқатар медициналық препарат енгізілген.

«Қазір Парламентпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірленіп жатыр. Оның ішінде аталмыш заттарды медицинадан тыс пайдалану, сақтау және тарату әрекеттері де қамтылған», — деді басқарма бастығы.