Нұр-Сұлтанда 2,4 шақырым су құбыры қайта жөнделіп жатыр
«Былтыр біздің ұйым 1 471 млн теңгені құрайтын жеке инвестиция қаражатына бірқатар жұмыс атқарды. Атап айтқанда, 883 млн теңгеге 6,3 шақырым су құбыры мен 2,3 шақырым кәріз желісі қайта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, 231 млн теңге қаржыға 44 ескірген сусорғыш жаңартылып, кәріз қалдығын соратын 16 станция орнатылды. Одан бөлек, 301 млн теңгеге жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Оның қатарында су сүзгіш құралдар, автоматтандырылған натрий гипохлориті аппараты, деректер базасын сақтайтын серверлік құрылғы бар», – деді Виталий Артамонов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.
Оның айтуынша, биыл да инвестициялық бағдарлама аясында бірқатар шаруа атқарылып жатыр.
“Жыл соңына дейін қала бойынша кәріз қалдығын соратын 8 станцияның құрылғылары жаңаланады. Сонымен қатар бүгінде тозған және апат жағдайындағы 2,4 шақырымды құрайтын су құбыры желісіне қайта жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Одан бөлек, 250 метр кәріз желісі қайта жөнделеді», – деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша “Астана су арнасы” ұйымында 449 млн теңгені құрайтын инвестиция қаражаты игерілді.