00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зерттеу: екпе алған жүкті әйелдер коронавирусқа қарсы иммунитетті баласына береді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зерттеу: екпе алған жүкті әйелдер коронавирусқа қарсы иммунитетті баласына береді
ашық дереккөз

Эксперимент барысында ғалымдар отыз алты нәрестенің кіндік қанының үлгісін зерттеген, нәтижесінде сәбилердің бәрінде де COVID-19-ға қарсы иммунитет анықталған.

“Біз мұндай нәтижені күткен жоқпыз, – дейді зерттеу авторларының бірі Эшли Роман. – Біз бұл деректерді ертерек жариялап отырмыз, өйткені бұл жаңалығымыз денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды болмақ. Қазір біз барлық жүкті әйелге өз денсаулығы үшін де, сонымен қатар сәбиінің денсаулығы үшін де екпе алуға кеңес береміз”. 

Айта кетейік, зерттеуге  Pfizer немесе Moderna вакциналарын алған әйелдер қатысқан, яғни зерттеуде ресейлік вакциналар қарастырылған жоқ.