00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1,8 миллионға жуық жұмысшының жалақысы өседі

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1,8 миллионға жуық жұмысшының жалақысы өседі
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларға еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмысшының, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді.