00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ыстанбұлда атыс кезінде қазақстандық жарақат алды

20 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ыстанбұлда атыс кезінде қазақстандық жарақат алды
фото: ашық дереккөз

Қазақстан азаматына Ыстанбұлда болған қақтығыс кезінде оқ тиді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

18 сәуірде Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты, - деді Айбек Смадияров.

Мәлметке сәйкес, жерлесіміз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр, - дейді ведомстводан.