00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркияда 2 млн адамға уақытша баспана берілді

12 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркияда 2 млн адамға уақытша баспана берілді
Фото: ашық дереккөзден

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін екі миллионнан астам адам уақытша баспанаға орналасты, деп хабарлады Elorda.info.

Өзгесі басқа өңірлерге көшті. Кейбір аймақта үйінділерді тазалау жұмыстары әлі жалғасып жатса, енді бірінде құрылыс қызды, деп жазады Хабар24.

Қасиетті Рамазан айы Түркияда ерекше атап өтілетін. Биыл бұл игі дәстүр өзгеше сипатқа ие. Түрік билігі мен үкіметтік емес ұйымдар, апаттан зардап шеккендерге ауызашар беріп жатыр. Ішкі істер министрінің айтуынша, күн сайын 2 миллионнан астам адамға дастарқан жайылады.

650 мыңнан астам адамға уақытша шатыр құрылды. Қазір жалпы есепте 2 миллионнан астам адам уақытша баспананы паналауда. Контейнерлер саны 51 мыңнан асады. Бір айдан кейін 100 мыңға барады деп отырмыз. Әрине шығынымыз көп. Олардың орнын толтыра алмаймыз. Бірақ біз болашақ ұрпағымызға қауіпсіз қалалар, қауіпсіз үйлер және қауіпсіз орта қалдыра аламыз, - деп Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу.

Апатты аймақта зілзаладан жарамсыз деп табылған үйлер қиратылуда. Арнайы техниканың үйіндіні тазалағанын қауіпсіз жерден тек сол үйдің тұрғындары ғана көре алады. Өзге адамдардың жақындауына рұқсат жоқ. Өкінішке қарай, ғимараттарды қирату барысында да апаттар тіркелуде.  Газиантептегі апатты жағдайдағы мешітті бұзу кезінде мұнарасы экскаватордың үстіне құлап, жүргізушісі қаза тапты. Оқиғаға байланысты тергеу басталды. 

Үйілген үйінділерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге қоқысты қала сыртына шығаруда. Сұрыптау жұмыстары басталған жоқ. Үйінді арасынан табылған бағалы бұйымдар сақшылар тарапынан тіркеліп, соттың шешімімен иелеріне табысталмақ. Жалпы ел билігі бір жылдың ішінде  650 мыңнан астам тұрғын үй саламыз деп отыр.

Түркияның үздік сәулетшілерімен жұмыс істеп жатырмыз. Апатты аймақтағы үйлерді мәдениет, демографиялық құрылымы, табиғаты, климаты және қоршаған ортаны қамтитын дизайнмен жобаладық. Сондықтан 4 қаланы 4 сәулетшіге бердік. Онда жасыл жолдар мен эвакуациялық аймақтар болады. Құрбан айтта мемлекет басшысының қатысуымен алғашқы құрылысы басталған үйлерді табыстаймыз. Олар жер үйлер болады, - деді Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум.

Төтенше жағдай жарияланған өңірде тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Арнайы әскери бөлімдер жасақталды. Олар қауіпсіздікті қадағалап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әзір.