Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайта қамауға алынды


Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге қатысты екінші мәрте қамауға алу туралы ордер шығарды. Бұл туралы Elordainfo.kz агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот шешімі арнайы прокурор Чо Ын Соктың ұсынысы негізінде қабылданған. Прокурор экс-президенттің тергеу барысына кедергі келтіруі немесе дәлелдерді жоюы мүмкін екенін алға тартты.
Юн Сок Ёль 2024 жылдың желтоқсанында елде әскери төтенше жағдай жариялауға әрекеттенді деген айыппен импичментке ұшыраған болатын. Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты бұл шешімді 2025 жылғы 4 сәуірде ресми түрде мақұлдады.
2025 жылдың қаңтарында Юн Сок Ёль президент қызметінде жүргенде алғаш рет қамауға алынған. Алайда наурыз айында оның қамаудан босату туралы өтініші қанағаттандырылып, ол бостандыққа шыққан еді.
Алайда жаңа тергеу деректері мен қылмыстық процестің жүруіне әсер ету қаупі ескеріліп, екінші мәрте қамауға алу шешімі шығарылды.