00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оңтүстік Африкада қалың қар жауды

23 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Оңтүстік Африкада қалың қар жауды
Фото: Africa Fact zone

Оңтүстік Африкада қалың қар жауып, жолдар жабылып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz France24.com сайтына сілтеме жасап.

Ерекше қалың қар сенбі күні Оңтүстік Африка жолдарында кедергілер жасады. Жүргізушілер айдалада қалып қойды.

Шенеуніктердің айтуынша, Йоханнесбург пен шығыс жағалаудағы Дурбан қаласын байланыстыратын негізгі №3 тас жолы қатты зардап шекті, оның бірнеше учаскелері жабылып, айналма жолдар жүруге жарамсыз болды.

Квазулу-Натал провинциясының үкіметі түскі уақытта кейбір көлік жүргізушілеріне көрпе мен азық-түлік жеткізілгенін айтты.

«Провинциялар арасында қатынайтын автобустар жанармай құю станцияларында шамамен жеті сағат тұрып қалды», – деді жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Саймон Цванеол.

Көлік жүргізушісі Мұхаммед Гулам Йоханнесбургтен оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым (170 миль) жерде орналасқан Харрисмит қаласының сыртында балаларымен қалып қойғанын айтты.

«13 сағаттан астам уақыт өтті, тамақ жоқ, құтқарушылардың көмегінсіз бұл жерден кете алмаймыз», – деді ол.

Оңтүстік Африканың ауа райы қызметінің синоптигі 2-деңгейдегі қызғылт сары ескертулер берді. Сөзінше, төтенше жағдай жарияланады. Өйткені елдің бірнеше бөлігінде қалың қар жаууы мүмкін.