Үндістандағы ұшақ апатының алдын ала себебі белгілі болды

Фото: bbc.com
Үндістан билігі Air India ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады. 15 беттен тұратын есепте жанармай беру жүйесінің ажыратылғаны айтылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ВВС агенттігінің мәліметінше, ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай-ақ екі тумблері істен шыққан.
Әдетте бұл тумблер ұшақ жерде тұрған кезде қозғалтқыштарды іске қосу және өшіру үшін қолданылады.
Айта кетейік, ұшақ 12 маусым күні Ахмедабад қаласынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай тұрғын үйге құлап, апат салдарынан 240-тан астам адам қаза тапқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

3 қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшатын тұңғыш қазақстандықтың есімі белгілі болды

1 қазан, 2025
Қырғызстанда өлім жазасы енгізілді

10 қыркүйек, 2025
«1,5 мың қазақстандық бар»: министрлік Дохадағы жарылысқа қатысты айтты

10 қыркүйек, 2025
«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді