Мемлекет басшысы Марокко короліне көңіл айтты
9 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар