Ливерпульде футбол жанкүйерлерін көлік басып кетті
27 мамыр, 2025


Фото: bbc.com
Ливерпуль қаласында Ағылшын Премьер-лигасындағы жеңісін атап өтіп жатқан «Ливерпуль» футбол клубының жанкүйерлерін көлік басып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
BBC мәліметінше, қала ауруханаларына 27 адам жеткізілген, олардың ішінде 4 бала бар. 1 ересек адам мен 1 бала ауыр жарақат алған. Оқиға орнында зардап шеккен 20 адамға алғашқы көмек көрсетілген.
Оқиға дүйсенбі күні кешке Ливерпуль қаласының орталығында дәстүрлі шеру кезінде болған. «Ливерпуль» футбол клубы жеңісіне орай автобуспен жүріп өткен. Шеру аяқталған соң жанкүйерлер тарай бастаған кезде көлік бір топ адамды басып кеткен. 53 жастағы жүргізушісі оқиға орнында ұсталды.
Ұқсас жаңалықтар