Илон Маск Марсқа ұшуға шақырды


Миллиардер әрі АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің басшысы Илон Маск халықаралық ғарыш станциясын орбитадан алып кетіп, Марсқа ұшуға шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды.
«Халықаралық ғарыш станциясын орбитадан шығаруға дайындықты бастайтын кез келді. Ол өз жұмысын аяқтады. Оның пайдасы аз. Марсқа ұшайық», - деп жазды Маск.
Айта кетерлігі, халықаралық ғарыш станциясы 1998 жылдың 20 қарашасынан бері орбитада жатыр. Станцияның салмағы шамамен 435 тонна, ал кемелермен қосқанда 470 тоннаға жетуі мүмкін. Жобаның қатысушылары: Ресей, Канада, АҚШ, Жапония және Еуропалық ғарыш агенттігіне мүше Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланд, Норвегия, Франция, Швеция, Швейцария сынды 10 мемлекет.