Гарвардта Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

24 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Гарвардта Наурыз мейрамына арналған концерт өтті
фото: СІМ

Гарвард университетінде американдық музыканттардың орындауында Наурыз мерекесіне орайластырылған қазақстандық классикалық музыка концерті өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Celebrating Kazakhstan’s Cultural Heritage: Through Music, Tradition, and Performing Art»бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы айтулы оқиға болды.

Концерт қазақстандық диаспора өкілдерінің, сондай-ақ екі елдің өнер және мәдениет қайраткерлерінің басын қосты. Іс-шара бағдарламасы «Global Music Partnership» (GMP) компаниясының көркемдік директоры доктор Владимир Дё қолдауымен өткізілді.

Концерт бағдарламасына дәстүрлі қазақ халық шығармалары мен замануи композиторлардың музыкасы кірді.