Дүниежүзі картасында жаңа мемлекет пайда болады

13 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дүниежүзі картасында жаңа мемлекет пайда болады
Фото: itboat.com

Жаңа Каледонияның саяси күштері жаңа мемлекет құру туралы келісімге келді. Архипелаг Францияға ішінара тәуелді бола отырып, автономия алады, деп хабарлады Elordainfo.kz

12 шілде күні таңертең тәуелсіздікті қолдайтын және оған қарсы саяси қозғалыстар өзара келісімге келгендерін жария етті. Келісім бойынша, жаңа мемлекет құрылып, оған автономиялық мәртебе беріледі. Сонымен қатар Франциямен кейбір байланыстар сақталады

Жаңа Каледония тұрғындары ондаған жылдар бойы архипелагтың болашағы жөнінде ортақ шешімге келе алмай келді. Француз қоныстанушыларының ұрпақтары Париждің билігін сақтап қалуды жақтаса, жергілікті байырғы халық – канактар – тәуелсіздік пен өзін-өзі басқару құқығын талап етіп келді.

Politico басылымының хабарлауынша, кейінгі келісімге сәйкес, Жаңа Каледония жаңа мемлекетке айналады, алайда Франциямен кейбір тәуелділік қатынастары сақталады. Бұл шешім – саяси тұрақтылықты сақтау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жасалған ымыра.