00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Лондонда қазақ тілін үйренем деушілердің қатары артты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Лондонда қазақ тілін үйренем деушілердің қатары артты

Лондонда қазақ тілін үйренем деушілердің қатары күрт артқан, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдағаннан кейін, олардың ана тілімізге деген қызығушылығы ояныпты. Ағылшындар сәлемдесіп, қоштасудан бөлек, қазақ тілінде ән айтуды да меңгеріп алған. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Халықаралық тілдер күні қарсаңында, олардың басын қосып, ерекше шара ұйымдастырды.



Мен негізі бала күтімі бойынша колледж студенттеріне лекция оқимын. Фан-клубымызды 2022 жылдың тамызында аштық, бар болғаны 6 ай өтті. Күні кеше 1 000-шы мүшеміз қатарымызға қосылып, қатты қуандық, - деді фан-клуб төрайымы Джилл Бичем.

 

Қазақ тіліне деген қызығушылық ағылшындардан өзге уэльс, португал, пәкістан, еврей халықтарының арасында да сұранысқа ие. Ұстаздары - Кәусар Ғалымжанқызы. Жасы онда. Бастауыш мектепте оқиды. Ата-анасымен Лондонда уақытша тұрып жатыр. Қос тілге жетік бүлдіршін бұған дейін қазақстандық телеарнада балаларға ағылшынша үйретіп, тәжірибе жинақтаған. Енді міне ұлттық киім киіп, британдықтарға  қазақ тілін насихаттап жүр.

Халықаралық тілдер күні қарсаңында өткен кеште түрлі ұлт өкілдері өз тілдерінде өлең оқыды. Димаштың шығармашылығына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берілді. Өнер иесі бес жыл бұрын Лондонда концерт қойғаны белгілі. Жанкүйерлері сүйікті әншілерін Ұлыбританияға тағы келуін күтіп жүр.