Түркияда 261 сағаттан кейін үйінді астынан екі адам аман табылды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Антакья қаласының Одабашы ауданында жер сілкінісі болған соң 261 сағат өткенде үйінді астынан Мехмет Әли Шакироғлы мен Мұстафа Авчи аман шығарылды, деп хабарлады Elorda.info Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Антакьядағы Ордабашы көшесінде жұмыс істеп жатқан құтқару бригадасы қираған үйдің тастарының арасында қысылып қалған екі азаматты аман алып қалды.
Олар дереу 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлы мен 34 жастағы Мұстафа Авчиді шығарып алды. Екі азамат Кахраманмараштағы зілзаладан 261 сағат өткеннен кейін құтқарылды.
Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар