Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жасады
Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін нақтылады.
Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке/Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар, - делінген хабарламада.
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:
- шатырлар,
- генераторлар,
- жылытқыштар,
- көрпелер
- ұйықтайтын сөмкелер.
Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.