Солтүстік Кореяда тұмау салдарынан карантин жарияланды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда тұмау ушығып, 5 күндік карантин жарияланды, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Шектеу шаралары сәрсенбі мен жексенбі аралығында болмақ.
Мәлімдемеге сәйкес жағдай респираторлық ауруларға қатысты қиындай түскен. Әзірге бұл Covid-19 вирусымен байланысты ма, жоқ па – белгісіз.
Пхеньян тұрғындары карантин кезінде үйде отырып, дене температурасын өлшеп тұруға міндетті.
Ұқсас жаңалықтар