00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды

Америкалық журналист, CBS қызметкері және «Бекхэм тәжірибесі» кітабының авторы Грант Валь Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Нидерланд пен Аргентина матчы кезінде көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа»  сілтеме жасап. 

Бұл туралы оның бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Журналистің қайтыс болғанын АҚШ футбол федерациясы да растап, көңіл айтты. 

Марқұмның бауыры Гранттың денсаулығы жақсы болғандығын, сондықтан оның өз өлімімен қайтқанына сенбейтінін жеткізді. 

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Грант Валь Аргентина – Нидерланд матчында футбол шолушысы болған.