Дмитрий Медведевке іздеу жарияланды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Ресейлік БАҚ Украина Қауіпсіздік қызметі Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке іздеу жариялағанын жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ақпарат елдің Ішкі істер министрлігінің деректер базасында да пайда болды.
Басылым мәліметінше, Медведевті Украина ҚК-нің 110-бабының 2-бөлігі бойынша («Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғылмаушылықты билік өкілі жасаған») деген айыптауға байланысты Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жатыр.
Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза – он жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Ұқсас жаңалықтар