Мамандар қандай вакциналар көп адамның өмірін сақтап қалғанын анықтады
Airfinity бұл деректерді компанияның мамандары маусым айында жарияланған Лондон Императорлық колледжінің пандемия кезіндегі артық өлім туралы зерттеулерінің нәтижелерін талдаған баяндамада келтіреді. Императорлық колледждің ғалымдары 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығында вакциналардың арқасында 20 миллион адамның өмірі құтқарылды деп есептеді.
Сондай-ақ қай вакциналар ең тиімді екені белгілі болды. Airfinity мамандары хабарлауынша, жұқпалы індеттен құтқарған адам саны бойынша үшінші орында Sinovac вакцинасы, ал төртінші орында Moderna вакцинасы тұр. Алғашқысы 2 миллионнан астам адамды, ал соңғысы 1,7 млн адамды ажалдан аман қалып алған. Топ-5-те миллион адамның өмірін сақтап қалған Sinopharm вакцинасы тұр. Ал ресейлік вакцина Спутник V 940 мыңға жуық адамды қорғаған.