00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Швецияда кеміргіштер арасында таралатын жаңа вирус анықталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Швецияда кеміргіштер арасында таралатын жаңа вирус анықталды

Tengrinews.kz мәліметінше, ғалымдар жаңадан табылған вирустың адамдар үшін қауіпті екенін әлі білмейді. Алайда, олардың пікірінше, алынған нәтижелер адамдардың жабайы табиғат вирустарын, әсіресе адамдарға жақын жүретін жануарлардан  сақ жүруді  жақсы ескеруі қажет.

«Біз әлі күнге дейін «Grimsö» вирусының денсаулыққа қандай қауіп төндіретінін білмейміз. Алайда, біздің бақылауларымызға және құйындар арасында анықталған алдыңғы коронавирустарға сүйене отырып, жабайы кеміргіштер арасында коронавирусты бақылауды жалғастыруға жақсы негіз бар», - деп түсіндірді Швециядағы Уппсала Университетінің вирусологы Оке Лундквист.

 

Еуропада кеміргіштер көп таралған. Қолайсыз ауа-райы кезінде қалалық ғимараттардаға  баспана іздеуге шығады, бұл адамдарға жұқтыру қаупін арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, Дания билігі мутацияланған коронавирустың таралуын болдырмау үшін фермалардағы барлық күзендерді жоюға шешім қабылдады. Жануарларда адамдарға таралатын және антиденелердің пайда болу қабілетінің әлсіреуіне ықпал ететін инфекция анықталды.