Украинада жанармай мен дизель отыны тапшы
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Әскери қақтығыс басталған кезде Киевтен бас сауғалап қашқан жұрт қазір қалаға орала бастағандықтан, жанармайға деген сұраныс арта түскен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бекеттер жанармайды 10 литрден артық сатпайды. Сондықтан жергілікті билік азаматтарға қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді. Сарапшылардың айтуынша, бұл әскери қақтығыстарға байланысты туындап отырған уақытша қиындық.
Ұқсас жаңалықтар