00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маусымда Миланнан Алматыға тікелей рейс ашылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Маусымда Миланнан Алматыға тікелей рейс ашылады

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, NEOS әуе компаниясымен Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасалды.

Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері осы жылдың 12 маусымынан басталады деп күтілуде. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ, – делінген хабарламада.