00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 мамырдан бастап Таиландқа кіру шектеулері жеңілдейді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 мамырдан бастап Таиландқа кіру шектеулері жеңілдейді

Туризм және спорт министрі П. Ратчакитпраканның айтуынша, ведомство келесі аптада үкіметке ұсыныс енгізеді. Егер ол мақұлданса, 1 мамырдан бастап туристер елге вакциналау сертификатын көрсеткеннен кейін кіре алады. Демек, құжаттардың мақұлдануын 3-5 күн күтудің қажеті болмайды.

Таиланд шетелдік саяхатшыларды қайтадан қарсы алуға дайын, өйткені біздің денсаулық сақтау жүйеміз тиісінше жабдықталған, - деді министр.

Министрліктің болжамынша, Таиландқа биыл кемінде 10 млн турист қатынайды. Таиланд билігі 1 сәуірден бастап, елге Test&Co схемасы аясында әуе жолымен кіретін жолаушылар үшін ПТР тест тапсыру талабынан бас тартты. Ал, 1 мамырдан бастап Таиландқа жеткеннен кейін тапсырылатын ПТР тесті COVID-19-ға антиген тестімен ауыстырылуы мүмкін деген болжам бар.