00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Салмағы 7 келі тартатын алып сәби дүниеге келді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Салмағы 7 келі тартатын алып сәби дүниеге келді

Сырдария аудандық Медицина бірлестігінің бас дәрігері Санат Қадыров нәрестенің жағдайы жақсы екенін айтқан.

Оған және анасына дәрігерлер мен медбикелер көмек көрсетеді. Нәресте кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Мұндай жағдай Сырдария облысының тарихында бірінші рет болып отыр.

Ана атанған 24 жастағы әйел Сырдария облысының тұрғыны және бұл - оның алғашқы перзенті.

Айта кетейік, жаңа туған нәрестелердің салмағы әдетте 3,4 келі болып келеді. Олардың арасында 2,5 және 4,5 келі аралығындағы салмақпен туатындары да бар. Бұдан жоғары салмақпен дүние есігін ашатындар небәрі 5%-ды құрайды.