00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АҚШ-тағы инфляция деңгейі 8,5%-ға жетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ-тағы инфляция деңгейі 8,5%-ға жетті

Наурыз айында АҚШ-та тұтыну бағасының өсімі 8%-ды құрады, бұл – энергия мен азық-түлік бағасының көтерілуінен пайда болған 1981 жылдан бергі ең жылдам қарқын. Қалыптасқан ахуал Федералды резерв жүйесін инфляциямен күресу үшін түбегейлі шаралар қабылдауға итермеледі.

Тұтыну бағасының индексі наурыз айында өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға өсті. Бұл ретте ай сайынғы өсім 1,2%-ды құрады, бұл – 2005 жылдың қыркүйегінен бергі ең жылдам өсім. Азық-түлік және энергия сияқты бағасы құбылмалы тауарларды қоспағанда, тұтынушылық бағалардың негізгі индексі наурызда 0,3%-ға өсті.