00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Чехияда қазақстандық студент жоғалып кетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Чехияда қазақстандық студент жоғалып кетті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

Кузьмин Олег Сергеевич – 20 жастағы қазақстандық студент. Прагада оқиды. Онымен 26 ақпаннан бастап байланыс үзілген. Оның жоғалып кеткені туралы Instagram-дағы Чехия туралы ақпарат тарататын парақшалардың бірінде жарияланды.

Оқи отырыңыз: Елордада 26 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Олег сол күні әкесіне телефон шалып, көмек сұраған. Бірақ кенет байланыс үзіліп, өзінің қайда екенін айтып үлгермеген. Содан бері жас жігіттен хабар жоқ.

Студент Кунтратице ауданындағы Бланис студенттер үйінде тұрып, Либен ауданындағы Амбис университетінде оқиды. Тексеру барысында оның телефонынан соңғы рет қоңырау қала орталығынан соғылғаны анықталды. Сол кезде абонент Флоренц автовокзалына қарай жылжығаны белгілі болды. Басылым оның қаладан кетуі мүмкін екенін де жазды.