00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 сәуірден бастап Ақтау-Баку рейсі ашылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 сәуірден бастап Ақтау-Баку рейсі ашылады

FlyArystan әуекомпаниясының мәліметінше, рейстер жұма және жексенбі күндері Airbus A320-да орындалады. Билет құны 19 999 теңгеден басталады. Компаниядағылар брондау кезінде Әзербайжанға кіру талаптарымен мұқият танысуға кеңес береді.

Бұған дейін Ақтау-Баку бағыты бойынша аптасына үш рейс қалпына келтірілген болатын. Алматыдан Бакуге де сонша рейс ұшады. Бұл рейстерді AZAL-4 және «Эйр Астана» орындайды.

Сондай-ақ, Ақтаудан аптасына төрт рет Ыстамбұлға (Түркия), Үргенішке (Өзбекстан), Тбилисиге (Грузия), Ереванға (Армения) екі рейс және Мәскеуге (Ресей) аптасына бір рейс ұшады.