00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Польшада қатаң шектеулер күшін жойды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Польшада қатаң шектеулер күшін жойды

Сондықтан жұрт қалыпты жағдайға оралды деуге толық негіз бар. Мәселен, мейрамханалар мен дәмханаларға емін-еркін кіруге болады. Польша билігі коронавирус жұқтыру дерегінің күрт азайғанын алға тартады. 

Біз 2 жыл бойы коронавирус санкцияларының қыспағында өмір сүрдік, енді мамыражай өмірге оралатын кез туды. Бұл асығыс шешім емес. Дәрігерлермен кеңесіп, науқастардың халін тыңғылықты талдағаннан кейін біздің қоғамның кеңшілікке дайын екенін түсіндік. Бірден айтайын: біз эпидемиологиялық салғырттық болады деп қорықпаймыз. Поляктарда сақтық мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқанын көріп отырмыз. Пандемияның бесінші толқынын еңсердік, – деді  Премьер-министр Матеуш Моравецкий.