00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Таиланда наурыздан бастап туристерге ПТР-тестін тапсыру міндетті емес

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Таиланда наурыздан бастап туристерге ПТР-тестін тапсыру міндетті емес

Осы күннен бастап вакцина алған шетелдіктер келгеннен кейінгі бесінші күні ПТР-тестін тапсыруға міндетті емес, оны антигенге жедел тестпен алмастыра алады.

Премьер-министр Прают Чан-Очаның төрағалығымен өткен COVID-19 жағдайын басқару орталығының (CCSA) отырысында жаңа антиковид шаралары келісілді. Хаттамаға сәйкес, қазір туристерге тест нәтижелерін күту үшін сертификатталған қонақүйде бір түн брондау жеткілікті. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру өтемінің мөлшері 50 мыңнан (21,5 миллион теңге) 20 мың долларға дейін (8,6 миллион теңге) төмендейді.

Сапар алдындағы басқа талаптар: вакциналау паспорты және ұшуға дейін 72 сағат бұрын өткізілген ПТР-тестінің теріс нәтижесі өзгеріссіз қалады. CCSA мәліметтерінше, Таиландқа 1-21 ақпан аралығында шетелден 144 610 адам келді. Оның 88 755-і Test & Go схемасы бойынша, 48 156 - сы «құмсалғыш» бағдарламасы бойынша, ал қалғандары карантиннен өту арқылы демалды.