00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Украина Ресейді 48 сағат ішінде шұғыл кездесуге шақырды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Украина Ресейді 48 сағат ішінде шұғыл кездесуге шақырды

Stan.kz сайтының жазуынша, бұған дейін Украина 11 ақпанда кешке Мәскеуден ел аумағына жақын аудандардағы әскери іс-қимылға түсініктеме беруді талап еткен еді. Кулеба Вена құжатындағы 16.1.2 бабына сүйене отырып Ресейден 48 сағат ішінде жауап беруін сұраған. 

Ресей Вена құжатына сәйкес сұраққа жауап бермеді. Біз келесі қадам жасамақпыз. Украина Ресей Федерациясы  және құжатттың өзге де қатысушы мемлекетерін 48 сағат көлемінде шекарамызға жақын аудандарға Ресей әскерінің жақындауын талқылауға шақырамыз, - деді министр өз Twitter-дегі парақшасында. 

Оқи отырыңыз: Бірнеше ел өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырып жатыр

Соңғы бірнеше айдан бері АҚШ және Еуропа елдері Мәскеуді мәселенің ушығуына байланысты айыптап, шекарадан әскерін алып кетуді талап еткен. 

Ал Ресей әскерилердің өз аумағында тек қауіпсіздік үшін орын ауыстырғанын айтқан. 

Дмитрий Песков Мәскеу біртіндеп Украинаның әскери құрамын зерттеп жатқанын және мұның елді аландатып отырғанын айтқан.