00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Pfizer мен BioNTech 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинаны мақұлдауды сұрады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Pfizer мен BioNTech 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинаны мақұлдауды сұрады

Бүгінде компаниялар жоспарланған үш дозаның тек екі дозасына рұқсат сұрап жатыр. Сондай-ақ, BioNTech және Pfizer өкілдері осы жас тобына жанама әсерлерді шектеу үшін вакцинаның дозасын едәуір төмендетуге шешім қабылдағанын айтты.

Екі компания қазіргі уақытта 5 жасқа дейінгі балалар үш апта аралықпен екі дозаны, содан кейін екі айдан соң үшінші дозаны алады деп мәлімдеді. Алғашқы зерттеу нәтижелері бойынша, вакцинаның өте аз дозалары 2 жасқа дейінгі балаларда иммундық реакция тудырды.

Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла Twitter-де вакцинаның үш дозасы ковидтің қазіргі және басқа да түрлерінен қорғанудың жоғары деңгейіне жету үшін қажет болады деп мәлімдеді.

Егер екі дозаға рұқсат етілсе, ата-ана балаларына COVID-19 вакцинасын салғызуына мүмкіндік беріледі, - деді ол өз мәлімдемесінде.